Жаңалықтар


ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды.
Қаңтар 1, 1970
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды.
Сапар аясында Садоба су қоймасындағы апаттан кейін аймақтағы нысандарды қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. “Өңірде суармалы жерлердің көлемін арттыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта жалпы ұзындығы 736 шақырым болатын 122 каналды жөндеу және қайта салу сынды ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 1500-ден адам жұмылдырылған. Тағы мыңнан астам қосымша жұмыс орындары ашылады”, деп жазды министр өзінің Twitter-дегі парақшасында. Атап өтсек, бұл ауыл-шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді сумен қамтуға арналған стратегиялық маңызға ие жұмыстар. Оны толыққанды жүзеге асырылуы облыстағы ауыл-шаруашылығы өнімдері көлемінің артуына жол ашпақ. Ауыл тұрғындары ауыз сумен қамтылады. Сондай-ақ мемлекет жекелеген көкөніс түрлері бойынша импортқа тәуелділіктен арылады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтің Түркістан облысындағы іс-сапары:
Қаңтар 1, 1970
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтің Түркістан облысындағы іс-сапары:
Шардара ауданындағы «Шардара су қоймасы бөгетінің сейсмотұрақтылығын реконструкциялау және арттыру» нысанының құрылысының сапасын бақылау мақсатында экология,геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиев 30.06.2020 жылы Түркістан облысы Шардара ауданынан іс-сапарын бастады. Шардара ауданы "Шардара" су қоймасы салынған жылы 1967 жыл, су жинау қабілеті 5,2 млрд м3/ сек. Құрылысын жүргізуші мердігер мекеме «Гидро құрылыс» ЖШС Құрылыстың аяқтау мерзімі 31.12.2021 Бүгінгі таңға нысанға республикалық бюджеттен 2020 жылға бекітілген құрылыс кестесіне сәйкес қаржы бөлініп, мердігер тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Осы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстардың сапалы және уақытылы орындалуын қадағалауды "Қазсушар"РМК Түркістан филиалы директоры Д.В.Коноваловқа тапсырма берілді.
2020 жарты жылдық есеп беру жиналысының өткізілетіні туралы
Қаңтар 1, 1970
2020 жарты жылдық есеп беру жиналысының өткізілетіні туралы
«Қазсушар» РМК-ның Атырау филиалының канал арналары және магистральды су құбырлары арқылы су беру реттелетін қызметтер көрсету бойынша 2020 жарты жылдық есеп беру жиналысы 2020 жылдың 27 шілдесінде «Қазсушар» РМК Атырау филиалының кеңсесі: Абай көшесі, 10«а» үй, 2 қабат мекен жайында өткізілетінін хабарлайды. Басталуы: 15:00-де.
Алматы облысы суармалы жерлеріндегі су тапшылығына байланысты баспасөз-хабарламасы
Қаңтар 1, 1970
Алматы облысы суармалы жерлеріндегі су тапшылығына байланысты баспасөз-хабарламасы
Қазіргі уақытта тау суының азаюына байланысты, Бартоғай су қоймасындағы су көлемі кеміген. Салдарынан Еңбекшіқазақ ауданының суармалы жерлерінде су тапшылығы байқалуда. Оның  көлемі 32,3 мың гектар. Сондай-ақ,  табиғи судың келуі азаюынан Шелек өзенінің суы кеміп,  Шелек ауданының 14,6 мың га жерлерін суару үшін  су тапшылығы сезілуде. Қазіргі уақытта жағдай күрделі. Суды қолданушылар Бартоғай су қоймасынан ағын судың көлемін ұлғайтуды талап етіп отыр. Алайда, қазіргі кезде мұнда  су көлемі 110,4 млн текше метр. Бұл жалпы көлемнің 34% - ын (300 млн. м3) құрайды. Яғни, мұндай жағдай кезінде ағын судың көлемін ұлғайту мүмкін емес. Аталмыш мәселені шешудің жалғыз жолы- белгілі  бір уақытпен пайдалану жүйесін енгізу. Дәлірек айтқанда, су бәріне бірдей жетуі үшін кезекпен суару керек.  Бұл шаралар Алматы облысы әкімдігімен келісілді. Мұздықтар  ерігеннен кейін, су ағысы өз қалпына келеді. Айта кетейік, бұл мәселе ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің бақылауына алынды.
Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров Су ресурстары комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Қаңтар 1, 1970
Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров Су ресурстары комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров 1975 жылы 12 қыркүйекте Ташкент қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы Ташкент қаласында «Ташоблмелиоводстрой» трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтажнигі болып бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарды еңбек еткен. 2008-2012 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы, бас маманы. 2012-2014 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары. 2014-2015 жылдары — ОҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары — «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2018-2020 жылдары — Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
Қазақстанда 76 су шаруашылығы нысаны іске қосылады
Қаңтар 1, 1970
Қазақстанда 76 су шаруашылығы нысаны іске қосылады
ҚР Экология, геология  және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті «Қазсушар» РМК-ның дерегі бойынша Қазақстанда құны 149 млрд. теңгені құрайтын 76 жаңа су шаруашылығы нысаны іске қосылады, 46 нысанның құрылысы республикалық бюджеттің есебінен жүзеге аспақ, оның жалпы құны 79 млрд. теңгені құрайды. Сондай-ақ, Еуропалық даму және қайта құру банкі мен Ислам даму банкінің заемы арқылы 30 нысан пайдалануға берілмек. Айта кетейік, «Қазсушар» РМК-ның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында 2016 жылдан бері еліміздің 9 облысы (Ақтөбе обл., Алматы обл., Қарағанды обл., Қостанай обл., Қызылорда обл., ШҚО, Жамбыл обл., Павлодар обл. және Түркістан облысы) бойынша апатты жағдайдағы 20 гидротехникалық нысан  қайта жөнделуде. 2016-2019 жылдары аралығында 11 нысан пайдалануға берілді. Қалған 9-ы биыл іске қосылмақ (Павлодар облысы – 3, ШҚО – 3, Алматы облысы – 1, Түркістан облысы – 1 және Қостанай облысы – 1 жоба). Сондай-ақ, 2021 жылдың соңына дейін Павлодар мен Ақтөбе облыстарында тұрақты және милеративті суару жүйесі бойынша 21 жоба пайдалануға берілу жоспарлануда. Жұмыспен қамту жол картасы аясында бюджеттің есебінен 16 жоба жүзеге аспақ. Оның жалпы құны 32,2 млрд. теңге. Биыл құрылысы жүргізіліп жатқан 16 нысанның 11-і пайдалануға берілмек. Қалған 5 жоба 2021-2022 жылдар аяқталады. Еуропалық даму және қайта құру банкінің заемдары аясында Ақтөбе, Жамбыл және Түркістан облыстары бойынша 24 келісімшарт жүзеге асырылмақ. Олардың жалпы сомасы 59 млрд теңге. Ислам даму банкінің заемдары негізінде Алматы және Түркістан облыстарында 6 жоба жүзеге асырылады. Оның жалпы құны 44 млрд теңге. Жалпы, құрылысы жүргізіліп жатқан 24 нысанда 314 техника, 705 жұмысшы мен инженерлік-техникалық қызметкер жұмылдырылған. Оның 453-і жергілікті тұрғын. Су шаруашылығы нысандарындағы қайта жөндеу мен жаңарту жұмыстары келесідей нәтиже бермек: -           Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл және Павлодар облыстарында жалпы аумағы 155 мың гектар, құны 134,8 млрд. теңге болатын жердегі суландыру жүйелерін қалыпқа келтіреді; -           Апатты жағдайда тұрған 20 су қоймасы мен гидротехникалық нысанды қалыпқа келтіреді. Олар негізінен төтенше жағдай орын ала қалған кезде қауіптің бетін сейілтуге арналған. Су бөгеттері 299 601 адам тұратын 40 елді мекенді қорғап, су деңгейін қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жинақталған және реттелетін судың көлемі артады.

Managed by Immediate XRise